5.01.2021, 15:16
Оқылды: 18

«Сырым елін» министр құттықтады

Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдық мерейтойының дүбірі біздің жақтан асып, Нұр-Сұлтанға, дәлірек айтқанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне де жетіпті. Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында редакция поштасына министр Аида Балаеваның өзінен хат келді.

газе

- Ел тарихында үздіксіз ақпарат таратып, 90 жыл оқырманның ыстық ықыласына бөленген басылым санаулы. Заман көшіне ілесіп, қилы кезеңдерде халық мүддесін көксеген «Сырым елі» газеті аймақтық журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Журналистика саласында айрықша қолтаңба қалдырған беделді басылымның ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмысына сәттілік тілейміз, - деп жазыпты министр ханым.

Біздің газетті бұл жетістікке жеткізген біреу болса, ол – оқырман! Сондықтан, бұл құрметті құттықтауды «Сырым елінің» оқырмандары да өз адрестеріне қабылдаса екен!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале