11.04.2025, 15:30
Оқылды: 324

Сырым колледжіне музыкалық жабдық қажет-ақ

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов Сырым колледжіндегі кәсіби дағдылар чемпионатының ашылуына қатысқанын жаздық. 

IMG_0458

Серік Әнуарұлы сәтін пайдаланып, колледж директоры Рауан Мүтиевпен бірге 30 орындық студенттер үйін аралап көрді. Жаңа ғимарат шәкірттеріне жылы төсек, ыстық тамақ, ең бастысы білім алуға, даму мен демалуға зор мүмкіндік ұсынып отыр.

Асхана, кітапхана, спорт залы, акт залы - бәрі де студенттердің ыңғайына үйлескен. Ал, бөлмелер  шәкірттердің жылы ұясына айналған.

Рауан Талғатұлының айтуынша, ағымда екі мәселе тұр. Бірі - асханадан аулаға қарай дербес есік шығару. Екіншісі - мәдениет залына музыкалық жабдық керек.

IMG_0486

Асхананы тек жатақхана тұрғындары емес, жалпы студенттерге қолайлы ету мәселесін мердігер кепілдемесі негізінде шешуге болады. Ал, музыкалық құрылғы алу жағына Серік Тоқмамбетов қолдау білдіретінін айтты.

- Колледждің жаңа сахнасына музыкалық жабдық керек - ақ. Ұсынысты қолдаймыз. Мәселені ұзартпауға уәде беремін, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Біз оған қосымша сахнаны жарықтандыру, лед - экран орнату жағын да қарастыру  керек пе деп ойландық.

 

Бауыржан  Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале