20.03.2025, 15:45
Оқылды: 542

Сырым музейі — үздік!

Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейі жылды желтоқсанда емес, Наурызда қорытындылайды. Оның символикалық мәні де жоқ емес. Көне күнмен сырласқан, тарихпен сөйлескен музейшілер Наурызды - жыл басы деп есептейді. 

PHOTO-2025-03-19-11-49-44

Биыл бөлімдер арасындағы қорытындыға сәйкес, Сырым ауданындағы С. Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейі “Үздік музей - 2025” атанып жатыр. Өлкетанушы Айнагүл Ойшыбаева басқаратын ұжым бұл марапатқа әбден лайық.

PHOTO-2025-03-19-11-49-30

Жымпитыдағы өлкетану музейі жаңа ғимаратқа көшіп, оны тың жәдігерлерге толтырып, бір ерледі. Директорының айтуынша, қазір музей қабырғасында 6500 экспонат бар. Бұдан бөлек, тарих үйі аудандағы тарихи зерттеу, ағарту жұмыстарының орталығы болып отыр.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 16.52.34

Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің басшысы, заңгер Ж. Досмұхамедовтың кандидаттық диссертациясының көшірмесінің Жымпитыға жетуіне Ойшыбаева ханым ойдай еңбек сіңірді. Айта кетейік, сырымдық музей қызметкерлері “Музейдегі Наурыз!” жобасы аясында “Көне мұра - халық қазынасы” тақырыбындағы бейнероликтер байқауында да топ жарыпты.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале