Сырым аудандық мәдениет үйі жанындағы Халықтық «Сырым сазы» фольклорлық ансамблінің құрамы ауылдық округтердегі мәдениет ошақтарында болып, қайырымдылық концертін көрермендерге тарту етті.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың жеңімпазы, «Өнер магистрі» Жеңіс Өтеуов болса, бағдарламаны жүргізген Сәндібек Өтеғалиев. Концерт Құрманғазының «Адай» күйімен ашылып, Абайдың «Тор жорғасымен» жалғасын тапты. Көрермендер М.Мұқанов, А.Жұма жас күйші А.Жетпісқалиев, Д.Қажғалиев, С.Әубәкіровтің орындау шеберлігіне риза болды.
Киелі сахнада Қ.Қапановтың сөзіне жазылған Д.Қажығалиевтің «Бұлдыртым» әнінің тұсауы кесілді.
Өнер иелері Д.Демеуов, А.Алдамжаров, М.Ихсанов, Б.Жанұзақов, Р.Мұхамбет, А.Әжғалиева, Б.Жұмағалиева, М.Ғұбайдуллин сахнадағы орындау шеберліктерімен көпті тәнті етті.
Қайырымдылық концертінен түскен қаражат Назгүл Зейнуллина мен Нұрхат Қалдыбайдың емдеріне аударылатын болды.
Серік Сарғозиев,
Халықтық «Сырым сазы» фольклорлық
ансамблінің жетекшісі, «Өнерге қосқан
үлесі үшін» төсбелгі иегері