29.07.2019, 9:16
Оқылды: 34

Сырым халқынан мал азығына сұраныс мол

Сенбіде өткен жәрмеңкеде Жымпиты және Сарой ауылдық округінің шаруалары өнімдерін шығарды.

dav

Халық әдеттегідей таңғы сауданы ет саудалаудан бастады. Шағырлой ауылынан әкелінген ірі қараның етінің келісі1400 теңгеден сатылды. Ұсақ малдың етін іздеген адамдар ешкінің етін келісіне 1300 теңге беріп, сатып алып жатты.

dav

Еттен кейінгі сұраныс – сүт өнімдерінде. Келушілер ірімшіктің келісін 500, құрттың бір данасын 20, 1 келі сары майды 3000, қаймақты 2000 теңгеден сатып алып жатты.

Жергілікті халық жәрмеңкеге мал азықтары әкелініп, арзан бағамен сатылса деген ұсыныс айтып жатыр.

oznor

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале