Сырым ауданының орталығындағы №291 сайлау учаскесінде 100-інші сайлаушы таңдауын жасады.
Ол Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлім меңгерушісі Сәбит Өмірзақов:
- Аудан жастарын өз таңдауын жасауға шақырамын. Әркімнің дауысы маңызды, - дейді Сәбит.
Дәл осы учаскенің өзінде 10-ның үстінде байқаушы бар. Бірақ олардың байқау сапасы мені ойландырады. Дауыс санайтын кезде көбінесе тәуелсіз байқаушылар жалғыз қалып жүрдік. Дегенмен, бұл жолы өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да бар екенін ескерсек, бұрынғыдай болмас деген үмітім бар. Алайда мұны кешкі 20.00-де білеміз, - дейді «Жария» тәуелсіз байқаушылар қозғалысының мүшесі Серік Зиятов.
Сонымен қатар осы сайлау учаскесінде тәуелсіз байқаушылар, «Ауыл» және «Amanat» партияларынан өкілдер мен сенімді өкілдер қатысуда.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz