Сырым ауданында мал азығын дайындау жұмыстары да дүбір алды. Бүгінгі таңда 181 бригада шөп шауып жатыр.
Қай-қай ауылда да қайнаған жұмыс, жайраған шөп. Жұмыс қимылы Сарой, Шолақаңқатыда өнімді. Бұлдырты, Аралтөбе, Алғабас та арын алып келе жатыр.
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы Ахат Аралбаевтың шілде айының 11 жұлдызына есептеп берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде барлығы 43,49 гектар шабындық шабылып, 25,27 мың тонна шөп алынды. Меже 14,9 пайызға жетті. Аудан бойынша орташа өнімділік 5,8 ц/га. құрап отыр.
Бауыржан Ширмедниұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz