Жаз мезгілінде "Ел құдығы" жобасы аясында Көздіғара елді мекеніне қос құдық қазуда бас көтерген еріктілердің бірі, "BIRLIK" еріктілер тобының жетекшісі Дулат Мақатов пен топ мүшесі Данияр Базарбаев Сырым ауданына келді.
- Елімізге қиын күн туғанда қол ұшын созу әрбір азаматтың адамдық парызы. Біз де қолымыздан келгенше игі іс жасап, көмекке мұқтаж бауырларымызға қолдан келген жәрдемді көрсетуге асықтық, - дейді Дулат Мақатов.
Еріктілер жымпитылық 20 тұрғынға азық-түлік және "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің жартыжылдыққа жазылған түбіртектерін сыйлап, қуантты.
Берекелі іске бастама болған еріктілерге де ауылдың тұрғындары алғыстарын жаудырды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы