Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлері Бұлдырты ауылынан Сақыш Нұрғалиева, Қособадан Бағила Темірғалиева, Бұланнан Гүлбар Ушанованы және тыл еңбеккерлерін қабылдады. Қабылдауда Абдолла Жұмағалиевтің інісі Шайдолла Жұмағалиев те болды.
Аудан басшысының айтуынша бүгінде ауданда 7 ҰОС ардагерінің жесірі, 207 тыл еңбеккері бар. Оларға мереке қарсаңында сыйақы берілді.
Тыл еңбеккерлері соғыс кезінде көрген қиындықтары туралы естеліктер айтып, бүгінгі күнге жеткендеріне шүкіршілік етіп, кездесу ұйымдастырғаны үшін аудан басшылығына алғыс білдірді.
Кездесу соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер