Сырым ауданында ауылдық округтердің тұрғындары дауыс беруде белсенді.
Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қарағанды ауылының 87 жастағы тұрғыны Қазихан Қажмұратов 322-і референдум учаскесіне аяқтай келіп дауыс берді. Қазихан әкей – еңбек ардагері, күнінде алдыңғы қатарлы механизатор болған.
Ал Қособа ауылдық округінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты Жеңіс Шапешов жалпыхалықтық референдумға жанұясымен қатысып, ауылдастарына үлгі болды.
Бұлан ауылдық округінде Бекнұр Мақсот бүгін бірінші рет дауыс берді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы