Наурызнама онкүндігінде өтіп жатқан шаралар аясында Сырым ауданында әлеуметтік сала да Наурыз мейрамын атап өтті.
Шараға мүгедектігі бар ересектер мен балалар қатысты. Мерекеге арнайы ұлттық тағам түрлерінен құралған дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Ұлыстың ұлы күні мерекесінде аудандық мәдени-демалыс орталығы мекемесінің және саз мектебі ұжымының қызметкерлері ән салып, қатысушылардың көңілін көтерді.
«Қайсар»спорт клубымен ұйымдастырылған спорттық жарыстарға ерекше жандар белсене қатысты.Мерекелік бағдарлама соңында жарыс жеңімпаздары дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Дастархан басында үлкендер батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы