27.04.2023, 23:10
Оқылды: 59

Сырымда ата-әжелер форумы өтті

Бүгін Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте “Ата - әулеттің тірегі, әже - ұрпақтың жүрегі” атты ата-әжелер форумы өтті.

image-27-04-23-09-59-8

Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын көрсетіп, жас ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген форумда ауданның қол өнер шеберлерінің қолынан шыққан туындылардың көрмесі ұйымдастырылды.

image-27-04-23-09-59-7

Салтанатты жиынға қоғамдық жұмыстардың жанашыры, елге сыйлы ақсақал Төлеу Шарифуллин, ардагер ұстаздар Есболсын Қайдаров пен жары Әлия Есалиева, Жәрдемғали Жұбатов пен жолдасы Гүлбарам Жұбатова, Үміт Хамзина, Дариға Қонақбаева, Гүбаршын Нариева секілді бірқатар ұлағатты ұстаздармен дөңгелек үстел өткізіліп, ата-аналардың, ұстаздардың назарына есті әңгімелер, еркін сұхбат алаңы болды.

image-27-04-23-09-59-2

- “Өз балаң - өскенше, немерең - өлгенше” демекші, ізімізді жалғап өсіп келе жатырған кейінгі ұрпағымыз саналы, абыройлы ұл-қыз болып өссін. Ұрпағымыз тәрбиелі, білімді болып өсуі үшін алдыңғы буын жақсы тәрбие, өнеге көрсете білу керек, - деп батасын берді Төлеу ақсақал.

image-27-04-23-09-59-6

Дөңгелек үстел басында жүргізушілер ата-әжелерге заманауи тәрбиеге, отбасы құндылығына байланысты сұрақтар қойып, әңгіме өрбітті.

Әдемі кеш Сырым аудандық саз мектебі ұстаздарының орындауындағы Шәмші әндерімен қорытындыланды.

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале