26.11.2020, 23:35
Оқылды: 9

Сырымда ауылшаруашылығы мамандары марапатталды

Аудан әкімдігінің үлкен залында ауылшаруашылығы саласының мамандарына арналған шара өтті.

IMG_7150

- Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! - деді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.

Шарада Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтың алғыс хатына "Правда", "Досымхан" шаруа қожалықтары, БҚО ауылшаруашылығы басқармасының алғыс хатына "Тінәлі" ЖШС, "Сауғабай"  шаруа қожалығы лайық деп танылды.

IMG_7155

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының алғыс хатымен Гиззат Рахымжанов, республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының алғыс хатымен Ернар Нұрғалиев, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының алғыс хатымен Шайкислям Райсов, БҚО аумақтық инспекциясының алғыс хатымен Темірлан Ғаббасов, БҚО жер қатынастары басқармасының алғыс хатымен Арман Тоқтаров марапатталса, аудан әкімі Т.Төреғалиевтың алғыс хатымен ауылдық округтердің шаруа қожалықтары марапатталды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале