20.08.2020, 13:23
Оқылды: 150

Сырымда барлық мектепте «ОТАУ ТВ» бар

Қашықтан оқу үшін балаға көп дүниенің керек екеніне көз жетті. Соның ішінде «Отау ТВ» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісінің атқаратын рөлі де бөлек болып тұр.

Otau

Қуанарлығы, Сырым ауданының мектеп оқушылары да жаңа оқу жылын жаңа құрылғылармен бастамақшы. Олай дейтініміз, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дайыр Сапаровтың айтуынша, ауданның барлық мектептерінде «Отау ТВ» қондырылған. Оған қоса, қазіргі таңда 65 компьютер мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, 100 модем, 500 роутер алу жоспарда тұр екен.

 Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале