12.04.2023, 12:30
Оқылды: 56

Сырымда «Bilim high» жобасының аудандық кезеңі өтті

Сырым аудандық Сырым мектеп-лицейінде «Bilim high» облыстық телевизиялық жобасының аудандық кезеңі өтті. Оқушылардың зияткерлік білімдерін дамытуды мақсат еткен білімділер додасына 9-10 сыныптардан 14 команда қатысты.

IMG_0497

«Білім марафоны» аталатын алғашқы кезеңде топтарға әртүрлі бағыттағы 12 сұрақтан қойылса, екінші «Аламан» кезеңінде оқушылар экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұпай жинады. Соңғы шешуші «Эрудит» кезеңінде риторикалық-логикалық ойлауға бағытталған бейнесұрақтар қойылды.

Білім бәйгесінде бақ сынасқан зияткерлер арасындағы ойын нәтижесінде ІІІ орынды Жырақұдық орта мектебінің «Алашы» иеленсе, ІІ орын М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің «А4» командасына бұйырды. «Білімді мыңды жығар» демекші, білім шыңына лайық екендіктерін мойындатып, Қ.Мырзалиев мектебінің «Білім әлеміндегі саяхатшылар» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

IMG_0502

Жобада белсенділік танытып, ерекше үлгідегі бірдей формамен таң қалдырған үздіктер де анықталды. «Үздік марафоншы» аталымына Қ.Мырзалиев мектебінің мықтылары, «Үздік эрудит» аталымына Аралтөбе орта мектебі және Ж.Досмұхамедов, В.Шубин атындағы мектептің оқушылары лайық деп танылды. «Үздік стиль» Қособа мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің сәнқойлары ие болды.

Жас зияткерлерге Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері әділ бағасын беріп, диплом және түрлі жанрдағы кітаптар тарту етті.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_0495 IMG_0503 IMG_0505

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале