1.05.2023, 17:48
Оқылды: 5

Сырымда бірлік тойы тойланды

Бүгін Сырым ауданында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Қазақстан - достық мекені” атты мерекелік, мәдени шара өтті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сырымдықтарды татулықтың, ынтымақтың мерекесімен құттықтап, елге амандық тіледі.
IMG_2639
Орталық алаңда өткен бірлік тойы жылдағыдан ерекше, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған дәлел аудандағы мекеме қызметкерлері “Бір шаңырақ астында” деп аталатын достық фестиваліне қатысып, топ-топқа бөлініп, әр ұлттың киімін киіп, дәстүрлі тағамдарын әзірлеп, өнерлерін көрсетіп, кей ұжым сол ұлттың тілінде сөйлеп халыққа мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.
IMG_2668
Аталған фестивалді бағалау мақсатында аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы бастаған әділқазылар алқасы құрылып, ұжымдарға әділ бағасын берді. Нәтижесінде, ІІІ орынды орыс, түрік, татар ұлттары, ІІ орынды қырғыз, кавказ ұлттары, І орынды өзбек ұлты иеленді. Жеңімпаздарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов пен ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева табыс етті.
IMG_2672
Мерекелік шара ауданның мәдениет қызметкерлерінің, фестивальге қатысушы ұлт өкілдерінің әсем әндерімен, мың бұралған биімен жалғасын тапты. Фестиваль жеңімпаздарына “Альбина”, “Аслан”, “Адал”, “Шебер”, “Ясина” дүкенінің иелері және “Гамма” жарнама студиясы демеушілік жасап, қолдау көрсеткенін айта кету керек.
IMG_2680
IMG_2704
IMG_2712
IMG_2764
IMG_2779
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале