19.11.2019, 17:27
Оқылды: 106

Сырымда бюджет жөнінде семинар өтті

Бүгін Жымпитыда Сырым және Қаратөбе аудандарының округ әкімдері мен есепшілері үшін «Ауылдық округтерге төртінші деңгейлі бюджет енгізу» тақырыбында семинар өтті.

dav

dav

Семинарға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің өңір аралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Мақсот Құрықбаев, осы министрліктің консультанты Өсергүл Құттыбаева, БҚО экономика және бюджетті жоспралау басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Абенова қатысты.

Семинар спикерлері ретінде БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшылары Райса Еркеғалиева, Ғалым Жұбанышев, БҚО құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының прокуроры Нұрсұлтан Жорабеков, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы Нұркен Хамбетов сөйледі.

Айта кетейік, Сырым ауданы бойынша Жымпиты және Бұлдырты ауылдық округтері 2018 жылдан бастап, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасына орай төртінші деңгейлі бюджет режиміне көшті.

2020 жылдан бастап бұл тәжірибе халық саны 2000-ға толмайтын округтерге де қолданылады.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале