«Дәдем ата» қорының жетекшісі, Жұмағазы хазіреттің ұрпағы Ғарифолла Жанбозов Рамазан айының құрметіне Тоғанас, Алғабас ауылдарындағы 50 жанұяға бір айлық азық-түлікті тегін жеткізіп берді.
Айта кету керек, Ғарифолла мырза игі дәстүрінен жыл сайын жаңылмай келеді. Әрине, ораза кезінде адамдар бір-бірінен мейір, ілтипат күтеді. Оның үстіне екінші жылға созылған пандемия талай отбасының табысын ортайтты.
«Дәдем ата» қорының қайыр-көмегі көп жанұяға оңынан болғаны анық.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress