3.03.2023, 13:00
Оқылды: 65

Сырымда “DALAGER” этнофестивалі басталды

Сырым ауданында Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл және Алаш қайраткері, дәрігер, педагог Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай “DALAGER” аймақтық этнофестивалі басталды.
IMG_5515
Аталған шараға Сырым ауданынан бөлек, ​ Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Бөкейорда, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе, Теректі ауданы, Орал, Ақсай қалаларынан, Атырау облысының Қызылқоға ауданынан барлығы 12 команда, оның ішінде дәстүрлі әншілер, айтыскерлер мен палуандар бақтарын сынайды.
IMG-20230303-WA0094
Ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен қазылар алқасының төрағасы Бауыржан Халиолла сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
IMG-20230303-WA0093
Дәл қазір аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі әншілер сынға түссе, А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қатысушылар боз кілемде белдесіп жатыр.
Этнофестиваль ақындардың айтысына жалғасады.
Қатысушылар арасында Нұршат Исламғалиев, Армат Алдамжаров секілді танымал дәстүрлі әншілер, палуандардан Темірлан Көлбай, Сұңғат Закарияев, айтыс ақындарынан Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Естеміс Мұхамбетовтер бар.
Әр аталым бойынша Бауыржан Халиолла, Дариға Мұштанова, Мұхамбет Мамықов, Ғайсағали Сейтақ, Ұлықпан Елеуов, Ернар Өмірәлі, Марлен Ғилымханнан құралған бірқатар өңірге танымал тұлғалар әділ бағасын береді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале