24.07.2024, 10:16
Оқылды: 64

Сырымда дінге қатысты мәселелер талқыланды

Сырым ауданына республикалық діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы Дулат Жақиянов келіп, «AMANAT» партиясының мәжіліс залында жергілікті атқару орган өкілдерімен, дін мамандарымен кездесті.

E0D6733A-7924-4F60-90A8-7688E4847796

Бүгінгі таңда ел азаматтарының діни ұстанымы жеке құндылық болудан қалды. Әсілінде, ақын Жүсіп Көпеевтің «Мәшһүрдің Құдайы жүрегінде...» - дегеніндей, құдіретке сену, ғидабаттарды орындау әр жүректің жеке шаруасы болуы керек-тін. Бірақ, сенім мен сезімді саяси құрал еткендер қоғамның ауызына діннің таразысын орнатуға омақасуда. Қолдарынан келсе, күллі адамзатты таразыға тартпақ, өлшеп көрмек. Тарту, өлшеу, елеп-екшеудің соңы бөлуге, сорттауға апаратыны айтпаса да түсінікті. Бұл жерде әңгіме радикалды діни топтардың әрекеті туралы болып отыр.

1904F5A8-CB3A-4E21-92BA-8781F9E180ED

Дулат Жақиянов мырза діни сенімі дімкәс жандармен жұмыс барынша әртараптанғанын айтты. Бірақ, барлық амал-әрекет, сан салалы жұмыс ортақ табысқа әкелуі тиіс. Табыс сол, ұстанушыны теріс түсінігінен айыру, болмағанда радикалды пиғылды басқаларға «жұқтырмау».

Бұл жерде теологтардың еңбегі ересен. Бірақ, мемлекетте теологтар мәртебесіне қатысты заңдық ұстаным жоқ. Табанды жұмыс, жемісті нәтиже үшін бұл керек.

Кездесуде ел бойынша жапа-тармағай мешіт салу үдерісі де талқыға түсті. Ойланып қарағанға, ауылдар мен аудандарда мешіт ең бірінші мұқтаждық емес. Жомарт жандар мектеп салып, балабақша ашып, үйсізді жарылқап та Алланың ризалығын ала алады. Республикалық діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы Дулат Жақиянов мешіт салуды реттеу ісі күн тәртібіне шыққанын айтты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале