6.10.2024, 12:41
Оқылды: 28

Сырымда еңбек ері дауыс берді

Бүгінгі күні қат мамандардың басында – малшылар мен механизаторлар тұр.

Олар жай мамандықтар емес, ауылшаруашылығы – экономиканы сүйреуші күш десек, малшылар мен механизаторлар ауыл шаруашылығын алға тартушылар.

IMG-20241006-WA0189

Сырым ауданы, Өлеңті ауылының тұрғыны Қайруш Райымовтың дала еңбегінде жүргеніне – 28 жыл.

Көктеменің желінде, жаздың ыстығында, күздің жаңбырында ол қырда жүреді.

Ауылдың малын шашау шығармай бағып, қыста ғана бой жазады. Қар кетісімен тағы да шыбыртқысын қарына іліп, атқа қонады.

Бүгін Қайруш Райымов өрістің басынан ауылға дауыс беру үшін келді.

«Еңбек ер атандырады» - дейді халық. Ел ішінде жүрген еңбектің ері Қайруштың кеудесіне бір медаль тағылатын кез баяғыда-ақ келген.

Алдағы, ауданның ауылшаруашылық күнінде Қайрекең ескеріле ме, жоқ па, белгісіз.

Бауыржан Ширмедиұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале