Бүгін «ORTA» дарынды балалар орталығында Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Астанам – айбыным» тақырыбындағы мерекелік шара өтті.
Ерекше жандарды «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері еріктілер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Сырым аудандық филиалының төрағасы Жәрдем Мұхамбетжанов мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Бұл шараға балаларда құр қол келмепті. Мәдина Ғұбайдолла Астана күніне орай ұйымдастырылған шарада әсем ән шырқады.
Аудандық кітапхана ұжымы қатысушыларға Астана туралы библиошолу жасатты. Шараның мақсаты – ерекше жандар арасында Астана түсінігін қалыптастыру, насихаттау, әрине ой-өрістерін дамыту. Байқау шарты — еркін түрде өз ойынан Астананың айшықты көрінісін бейнелеу.
Қатысушылардың дені егемен еліміздің көк туы мен Бәйтерек монументін бейнеледі. Барлық қатысушылар тең деңгейде марапатталды.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы