Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды Волонтерлар жылы деп жариялаған еді. Еріктілер жылында игі бастаманы қолға алып, нақты қадамдар мен тың істердің басында жүріп, ауылымыздың қоғамдық өмірінде болып жатқан игі іс-шараларға алтындай уақыттарын бөліп, туған жердің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген белсенді жастар Жетікөл ауылдық округі әкімінің қабылдауында болып, алғысхатпен марапатталды.
Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың алғысхатымен Н.Мүтиев, М.Мақсотов, Г.Хамитова, Ә.Ғабдуллина, Қ.Мағумат, А.Рахметолла, А.Серікқали жəне Сырым орта мектебінің 2006, 2012 жылғы мектеп түлектері марапатталды.
Аудандық "Сырым жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұсаның алғысхаты Ж.Насиев, Т. Саясатова, Р.Темірхановаға табысталды. Жиында ауыл жастары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Гаухар Сахан,
Қосарал ауылы,
"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі