25.04.2024, 22:00
Оқылды: 56

Сырымда кезектен тыс комиссия отырысы өтті

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің мәжіліс залында Сырым аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың және олардың құқығын қорғау комиссиясының кезектен тыс отырысы болды. 

InShot_20240425_220538215

Отырысқа комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев төрағалық етті.

Жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғанов, бөлім бастығының бірінші орынбасары Амангелді Мекин, комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия төрағасы Артур Шерғалиев, отырыста хабарлама жасаған Амангелді Мекин, Тимур Айтуғанов, ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева жасөспірімдердің тәртібі, түнгі көшеде бейберекет жүрмеу жөнінде өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

InShot_20240425_220659592

- Аудан орталығында жастар үшін спортпен айналысуға, мәдени шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Футбол, күрес, волейбол тағы басқа үйірмелер тегін, тұрақты жұмыс істейді. Тек соларды жастарымыз тиімді қолдана білсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана біздер саналы да тәрбиелі ұрпақты көре аламыз. Жастар біздің болашағымыз,- деді Артур Мұратұлы.

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале