29.01.2019, 13:12
Оқылды: 15

Сырымда қоғамдық кеңестің жұмыс тобы құрылды

Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

 0о5амды0 ке4ест34 ж9мыс тобы

Отырыста коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылған қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сайланып, қоғамдық кеңес мүшелерінің саны айқындалды. Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева хабарлама жасады.

Коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылған кандидатуралар жеке-ашық дауысқа салынып, Жымпиты ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі С.Тәжібаев, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Бахитова, «Сырым аудандық Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігінен  аудандық М.Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Уалиахметова, «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  С.Сарғозиев, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы М.Ғұмарова кеңестің жұмыс тобының құрамына сайланды.

Ал кеңестің мүшелігіне 15 адам енді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале