30.08.2025, 10:40
Оқылды: 300

Сырымда Конституция күні аталып өтті

ҚР Конституциясының күні және құнды құжаттың қабылданғанына 30 жыл толу құрметіне орай Сырым ауданында «Айбыны сенсің – Алаштың, Арымдай асқақ Ата заң» атты салтанатты мерекелік шара өтті.

PHOTO-2025-08-29-19-12-29

Мемлекеттік қызметші үшін мәртебелі рәсім – Конституцияны ұстап тұрып, ант беру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамызындағы №532 жарлығына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидалары» бойынша ант беру рәсімін мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған Алғабас ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы Назира Серікбаева орындады.

PHOTO-2025-08-29-19-12-28

Мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Тоқмамбетов Конституция күнімен аудан халқын құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтармен азаматшаларына құттықтау хатын табыстады.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале