13.10.2021, 17:59
Оқылды: 89

Сырымда қос асхана ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында екі бірдей асхана келушілерге есігін айқара ашты. Аудан мекемелеріне жақын орналасқан бұл екі асхана қызметкерлердің түскі ас ішулеріне өте қолайлы.

C7AF6D0B-9AC6-4CDD-AE18-68EB5C422655

    «Береке» асханасының жетекшісі Анаргүл Боранкулова асханасын жаңарту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін бастап кетті. Бастап қана қоймай, одан сайын жандандыруда. Алғашқыда тек нан пісіріп сатса, қазір шағын асхана ашты. Күніне 30-ға жуық нан сатады екен. Асханасында бәліштен бастап бешбармаққа дейінгі тағамдар сатылады.

     – Сатылымдағы тағамдарды өзіміз дайындаймыз. Келушілердің қарқыны жақсы. Бағаны да халықтың қалтасы көтеретіндей етіп, қолайлы қылдық. Алдағы уақытта дәмханамыздың көлемін кеңейткіміз келеді,- дейді көп балалы ана.    09A687D1-7751-440A-B209-B943E55C5872

Одан бөлек Қазақстан және Жұмағалиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Дастархан» дәмханасы да қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеді. Бірлес  Ақмамбетов жетекшілік ететін дәмхана тағымдарыида іштен дайындалады. Дәмхана таңғы сағат 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс жасайды. Бұл дәмхананың ерекшелігі сатылымда донер, тауық, қуырдақ сынды тағамдар бар. Әрі қалаған тағамыңызды үйге тапсырыспен алдыртуға болады.

3970F82E-031E-4FC2-8836-7DFA82F807CE

"Сырым елі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале