Сырым ауданы әкімдігі мен "Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай әуесқой жүгірушілер арасындағы жеңіл атлетикалық кростан аудан біріншілігі өтті.
Ерлер өзара 5, 10 шақырымға жүгірсе, әйелдер 3 шақырым қашықтықта бақ сынады. Шектеу шараларына байланысты әр қашықтыққа 10 адамнан қатысуға рұқсат етілді.
Әйелдер арасында 3 шақырым қашықтықта Б.Аманғалиева І орын, Ә.Шукатова ІІ орын, А.Амангельдина ІІІ орын иеленсе, ерлер арасында 5 шақырым қашықтықта ІІІ орынға Б.Ермеков, ІІ орынға А.Жоламанов, І орынға Р.Чукуров лайық деп танылды.
10 шақырым қашықтықта ІІІ орынға Е.Искалиев, ІІ орынға Б.Уахит, І орынға С.Төкеш табан тіреді.
Жүлдегерлер мен қатысушыларға диплом, естелік сыйлықтар мен арнайы медальдар табысталды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz