17.07.2020, 20:50
Оқылды: 17

Сырымда құс өсірушілер қатары көбейіп келеді

Сырым ауданы көлемінде құс шаруашылығын дамыту жұмыстары оңды нәтижесін бере бастады. Ал, мұның айқын дәлелін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиевпен болған әңгіме желісінде байқадық.

81463424-2D55-487B-935C-325AE2759C7E

Мәселен, мал бағудың қыры мен сырына әуелден қанық қазекең құс баптап, бағуда да есесін жіберіп көрген емес.

Демек, осы сөзіміздің дәлеліндей биылғы жылдың жаз айы басталысымен ауданға қарасты ауылдық округтердегі қолы икемді, жұмысқа ынта-ықыластары жоғары бір топ азаматтар, «Еңбек, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде» аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы атаулы көмек алушылар, көп балалы он бір отбасының әрқайсысына 300 мың теңге қайтарымсыз гранттар берілген болатын. 

04C12AB9-B6DD-4A27-B45D-57F743A376C6

Міне, облысымызда жүзеге асырылып жатырған «Еңбек-Балапан» бағдарламасы аясындағы осы үрдіске үн қосқан әрбір отбасы мүшелері Ресейден әкелінген 3,5 айлық «Доминант» тұқымдас 120 дана балапандарды сатып алып, өсіруді қолға алды.

- Келешекте аталмыш бағдарлама аясында балапандар сатып алып, жұмыстарын бастап кеткен отбасылар мол өнімге ие болу бағытында жұмыстана білулері тиіс.

Ең бастысы еңбекпен қамту бағытында мемлекет тарапынан беріліп отырған көмектерді тиімділікпен пайдаланулары қажет.

Ауданда құс шаруашылығын дамытуға ниет білдіруші отбасыларға қайтарымсыз гранттар беру жағы келешекте де жалғаса бермек,- дейді орталықтың басшысы С.Иманғалиев.

85EFE26F-A108-48E4-8537-3DABF368BABC

Иә, сонымен ауданда тауық өсіріп, тауықтың жұмыртқасын тұрғындарға қолжетімді бағамен сатушылардың алғы легі де көріне бастады.

«Шеп, шеп шөжелерім» деп әндететін құс өсірушілер қатары осылайша көбейіп келеді.

Мүсірбек Айташев

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале