17.07.2024, 18:00
Оқылды: 176

Сырымда мал өлексесін тастайтын орын жаңартылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Жымпитыда жасалған тыңғылықты істің бірі – мал өлекселерін тастайтын орынның жаңартылуы.

89CD3855-4117-4D16-98DC-7E5DCB2F892B

Жымпитылықтар әкімдермен болған кездесулерде ескі мал моласының ернеуіне дейін толғанын айтып жүрген. Жымпиты ауылдық округі әкімдігі халықтың ұсынысымен кешегі аптада мал өлекселерін тастайтын жаңа орынды пайдалануға берді.

Қазу жұмысын «Сырым» МКҚК эксковаторы жасады. Шұңқыр ішіне санитарлық талапқа сай  темір ыдыс көмілді. Нысан аумағы қоршалған. Бұл иіс пен өлекседен тарайтын зиянды оқшаулауға көмектеседі.

Ендігі жерде, талапты тұрғындар сақтауы тиіс. Бірақ халық арасында үй жануарларының өлекселері мен сойған малдың қалдықтарын көшелердегі қоқыс контейнеріне тастап кету тыйылмай тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале