4.09.2024, 0:00
Оқылды: 122

Сырымда өзен аңғарын кеңейту жұмыстары басталды

27 наурыз күні Өлеңті өзенінің арнасынан тасуы салдарынан Жымпиты және Өлеңті ауылында тұрғын үйлер суға кетті. Көктемде Бұлдырты да "өзіне өзі сыймай" ауылға кірді. 

IMG_4544 (1)

Әркім тасқынның себебін әрқалай жориды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің мамандары су деңгейінің өсуі негізінен мұздың кептетілуі салдарынан болатынын айтады. Сондықтан биыл ерте көктемде иіндердегі қамыстар шабылды, мұздар жарылды. Бірақ, тасқынның беті болжағанннан бетер қатты болды.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов жаздың басында ақсақалдармен, Кеңес үкіметі кезінде ауылшаруашылық саласында еңбек еткен азаматтармен бірге Өлеңті өзенін жағалап, аңғарын кеңейту, жайылмаларын қалпына келтіру бойынша тапсырма берген болатын.

Судың жолын ашу мәселесін кешегі аудандық мәслихат сессиясында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ғанимат Нұрмұханов та көтерді.

IMG_4566 (1)

Бүгін Жымпиты ауылдық округі бойынша өзен аңғарын кеңейту жұмыстары басталды. Шынжыртабанды JСВ эксковаторы қазірдің өзінде едеуір жұмысты еңсеріп тастады. Ол апта бойы бұрылыстарды бұзып, судың жолын ашады.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев және Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Ғабит Жасталаппен бірге жұмыстармен танысты.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале