19.08.2020, 9:56
Оқылды: 14

Сырымда праймеризге қатысуға 8 адам өтініш берді

17 тамыз күні «Nur Otan» партиясының праймеризіне тіркеу басталды. Кандидаттарды тіркеудің алғашқы күндерінде Сырым ауданы  бойынша 8 адам саяси науқанға қатысуға өтініш берді. Бұл туралы «Nur Otan»  партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

prajmeriz-2

– Бұл праймериз - «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

Аудан бойынша кандидаттарды тіркеудің алғашқы күнінде 8 адам тіркелді. Олардың 3-уі әйел, 35 жасқа дейінгілерден 3 азамат тіркелсе, осылардың ішінде ерекше қажеттілігі бар 1 адам тіркелді. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 5 адам ұсынылса, 3 кандидат өзін-өзі ұсынып отыр, – делінген жазбада.

Праймеризге тіркелу ережелері «Сырым елі» газетінің осы аптадағы санында жарық көреді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале