Сырым ауданындағы «Қайсар» спорт клубында «Спорт – ұлт келбеті!» атты спорттық іс-шара өтті.
Жарысқа пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар қатысты. Мақсат – қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету және оларға тәрбиелік ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыстың ашылу салтанатына Сырым ауданының прокуроры Ершат Камбетов, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Нұржан Искарин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов және «Қайсар»спорт клубы директорының орынбасары Ержан Чукуров қатысып, сөз сөйледі.
Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған түрлі спорт түрлерінен бақ сынады. Командалық жарыстың соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз болған топтар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы