9.09.2020, 10:48
Оқылды: 64

Сырымда штаб отырысы өтті

Сырым ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовтың қатысуымен штаб отырысы өткізілді.

Shtab (2)
– Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмес бұрын алдын ала ауылдық округ әкімдігіне, ауыл тұрғындарына бір ай бұрын әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес хабарландыру парақтары ілінді.
Сонымен қатар жергілікті ақпарат құралдарына, Сырым ауданы әкімдігінің «Facebook» әлеуметтік парақшасына, қала берді, облыстық zhaikpress.kz ресми парақшасына жарияланып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ химиялық улау жұмыстары жүргізілмес бұрын штаб мүшелері мен ауылдық округ әкімдері ауылдық округтер айналасында орналасқан шаруашылықтар, бақташылардан құралған WhatsApp желісі арқылы арнайы топ құрылды.
Бұл топтың мақсаты – шегірткелер анықталған жерлерді алдын ала хабардар ету болатын. Соның арқасында әдістемелік орталық қызметкерлеріне, зерттеушілерге үлкен септігін тигізді.
Аталмыш техникалар арқылы зиянкес организмдердің күшеюі едәуір бәсеңдетілді.
2019 жылғы улау жұмыстарына қарағанда зиянкестердің төмендегені көрініп тұр. Бірақ бұл санмен босаңсып қалмау керек. Өйткені білесіздер, шегірткелер лезде көбейіп кетуі де мүмкін. Жоспарлаған 27,0 мың.га жердің 27,0 мың.га жері толық уланды. Бұл жоспар 100 пайыз орындалғандығын дәлелдейді.
2021 жылы аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін қажетті техника түрі мен саны нақтыланып, келесі жылғы жоспарға енгізілді, – деді хабарлама жасаған аудандық аумақтық инспекцияның басшысы А.Өтепов.

Shtab (3)
Штаб отырысында Лавр Рашидұлы өңдеу жұмыстары кезінде қарапайым халықтан әлеуметтік желілер арқылы наразылықтар түспегенін және өсімдік қорғау саласына байланысты жалпы түсіндірме жұмыстары, хаттамалар, ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп отырғанына тоқталды.

Shtab (4)
Отырыста Л.Хайретдинов «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалының басшысы Марат Тоқтаровты ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосқаны үшін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының I дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.

Shtab (5)
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале