9.05.2020, 0:19
Оқылды: 67

Сырымда спорттық жарыс онлайн өтті

Сырым аудандық "Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн жарыс өтті.

7A8FEBAA-57D6-48CE-8271-408E0FD5DD15

Жарысқа қатысушылар "Strava" қосымшасын жүктеп, нәтижелерін жіберді. Онлайн жарыс жүгіру және ләңгі тебу сияқты екі бағытта жоспарланған. Жүгіруден ерлер арасында 9, әйелдер арасында 5 қатысушы болса, ләңгі тебуден ниеттілер болмады.

- Ерлер арасында қособалық Сағынбай Бөпениязов қатысушылардың үлкені бола тұра, ерекше ықылас танытқанын байқадық. Ағамызға "Strava" қосымшасынан жүгірген қашықтығын видеожазбамен жіберген қолайлы болғанын ерекше атап өткім келеді, - дейді "Қайсар" спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.

Жүлдегерлерге арнайы медаль, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұқаралық спорттың дамуына тек аға буын емес, жас буындар да өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болмақ.

Айжан Бауыржанқызы

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале