25.06.2020, 10:51
Оқылды: 16

Сырымда ҰБТ санитарлық талаппен өтті

Осы аптада Сырым ауданында мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.

sdr

Коронавирус індетінің қауіптілігіне байланысты биыл тестілеу екі күнге белгіленді. Сырым аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша тестілеуге қатысуға 184 түлек өтініш білдірген. Олардың 88 – і бірінші күні, ал 96 – сы екінші күні тапсырды.

dav

Тестілеу алаңында санитарлық талаптар қатаң сақталды. Қатысушылар дезинфекциялық дәлізден өткізіліп, дене қызулары өлшенді. Олар 4 аудиторияға әлеуметтік арақашықтық тәртібімен орналастырылды. 1 аудитория ревервке қойылды. Биыл бірінші рет қатысушыларға калькулятор пайдалануға рұқсат берілді.

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК БҚО Жымпиты филиалының айтуынша, аудан бойынша ең жоғары балды Қособа орта мектебінің түлегі Досжан Хамидолла жинаған. Ол мүмкін болған 140 баллдың 117-cін алған.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале