Бүгінгі таңда Сырым ауданында екпе алуға ниеттілердің саны күн санап артып келеді. Олай дейтініміз, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Жанболсынов бастаған 20-ға жуық педагог пен мекеме қызметкерлері ерікті түрде екпе салдырды.
Аудандық аурухананың бас медбикесі Күләш Айташованың айтуынша, аудан орталығы Жымпитыдан бөлек Қоңыр, Бұлдырты, Тоғанас, Алғабас, Көгеріс ауылдық округтерінің ұстаздары мен тұрғындары белсенділік танытуда.
"Белсенділік танытуда" деуіміз де бекер емес. Өткен сенбіде ауруханаға арнайы барып, қарақұрым халықтың вакцина салдыруға кезекте отырғанын көріп, көз қуанды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz