23.12.2022, 15:30
Оқылды: 200

Сырымда «Үздіктер шеруі – 2022» өтті

Сырым ауданының мәдениет қызметкерлерінің жылдық қорытындысы бойынша аудандық «Үздіктер шеруі – 2022» мәдени шарасы өтті.

9

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов, мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов жыл қорытындысымен құттықтап, бірқатар мәдениет қызметкерлерін марапаттады.

7

Атап айтсақ, Айгүл Лұқпанова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

6

Мәдениет саласының жылдық қорытынды шарасының қарсаңында осы саланың үздіктері халықтық «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі «Жыл жаңалығы» аталымымен, Үлгілі «Жауқазын» би ансамблі «Үздік ұжым», Коцелл Римма, Мирамгүл Жұмағазиева «Үздік әдіскер», Алмас Есмұханов «Үздік ұйымдастырушы», Бұлан ауылдық мәдениет үйінің ұжымы «Үздік ауылдық мәдениет үйі» аталымдарына лайық деп танылды.

5

 

«Үздік ауылдық клубы» аталымына Сарой ауылдық клубының әдіскері Меруерт Қайыржанова, «Үздік клуб меңгерушісі» Мөлдір Бегимова, «Үздік мәдениет үйінің директоры» Самат Ұбанов, «»Үздік үйірме жетекшісі» Айдархан Рамазанов, «Үздік мәдениет қызметкері» Ақерке Ажғалиева ие болды.

4

Одан бөлек, бөлім басшысының алғыс хатымен облыстық халық шығармашылығы орталығының Ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің әдіскері, Сырым ауданының кураторы Рысханым Ибраева марапатталса, Қазақстан Республикасы»Ерекше тәуекел солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі, үйірме жетекшісі Мерген Мұқанов марапатталып, өңіріне медаль тақты.

1

 

Биылғы жыл Сырым ауданының мәдениет саласы үшін жетістікке толы болды. Оған дәлел ауданның мәдени өмірінде өзіндік орны  бар, мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін Жәмилә Ғатауованың Сырым ауданының «Құрметті азаматы» төсбелгісін, Әбіл Бақтияров пен Ақкүміс Мұрадымованың Сырым ауданының  «Құрмет грамотасын» алғандығы.

3

Ерлан Жолдыбайұлы ұжым атынан құрметке бөленген әріптестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

2

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале