10.03.2025, 15:11
Оқылды: 308

Сырымда «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында кездесу өтті

Сырым ауданындағы «SJ» жастар орталығында заң мен тәртіп тақырыбында кездесу өтті.

PHOTO-2025-03-10-11-40-10

Жиынға Сырым аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев, Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Алтынай Ескендірқызы және Сырым аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Бекболсын Меңешов, Сырым аудандық полиция бөлімінің ардагерлері ұйымының төрағасы Алтай Жұмажанов қатысып, қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ой бөлісті.

PHOTO-2025-03-10-11-40-11

Бүгінгі таңда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту өте өзектң болып отыр. Себебі, елдің түкпір-түкпірінде «атып кетті», «теуіп кетті», тіпті «бауыздап кетті» деген оқиғалар көбеюде. Қорқыныштысы, бұл жағдаяттар кинода емес, біз өмір сүретін қоғамда болып жатыр.
- Заң мен тәртіп – Тәуелсіздіктің тірегі. Жастар өздерін заңның сақтаушысы болуға тәрбиелеген жөн. Біз іздеп жүрген адалдық, тәртіп, тыныштық деген асыл құндылықтар заң талаптарына құрметсіздіктен туындайды. Сондықтан бүгінгідей өнегелі кездесулер керек-ақ! - деді Тимур Кубаев.

Кездесу барысында заңның үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, алаяқтардан сақтану жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға заң талаптары, азаматтық жауапкершілік және тәртіп бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айман Өтеғалиева
Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале