Аудандық «SJ» жастар орталығында ұстаздар мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов ауданымыздың жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған жиырма жас маманмен кездесті.
Кездесу барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің бөлім басшысы М.Шалабаев жастарға арналған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат берді, жас мамандармен емін-еркін сұхбаттасып, олардың білім саласына қатысты ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Жиын барысында сөз алған жас маман, Сырым орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ғабдықұл білім саласында еңбек жолдарын бастап жатырған өз әріптестеріне сәттілік тілей отырып, өз алғысын білдірді.
Жас мамандардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, түрлі деңгейдегі шараларды өткізуіне ықпал жасау мақсатында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Н.Болат сөз алып, жас ұстаздардың еңбек жолына сәттілік тіледі.
Аудандық білім беру бөлімі жанынан айтулы мерекеге орай, жас мамандарға сыйлықтар табысталды.
Жұлдыз Альпенова,
Сырым ауданы