Кеше ғана ҚР «Қызыл АЙ» қоғамының БҚО филиалы қолдауымен Сырым ауданы орталығындағы су тасқынынан зардап шеккен жеті отбасыға 3 млн 400 мың теңге қаржылай көмекті Алматы қаласынан арнайы келген жеке кәсіпкер Болат Өтемұратов өзінің қорынан тапсырды.
- Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға аялы қамқорлық көрсетіле бастады. Соның алғы сапында «Қызыл АЙ» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы бар дер едім. Филиал ұжымы арқылы аудан орталығындағы жеті отбасының әрбір адамына 100 мың теңгеден қаржылай көмектің көрсетілуі зардап шеккендерге үлкен қолдау
болмақ. Келешекте де қоғам тарапынан мұндай қолдау-көмектер көрсетіле бермек, - дейді қордың аудандағы өкілі Күлаш Ғазезқызы.
zhaikpress.kz