Сырым аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Сырым аудандық полиция бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығында рейд жүргізілді.
Рейдте көлік салығынан қарызы бар жеке тұлғалар төлемге шақырылды.
Нәтижесінде 112 автокөлік тоқтатылып, салық берешегі тексерілді. Көлік иелеріне 15 хабарлама беріліп, бюджетке 57 287 теңге салық түсті. Рейд апта бойы жалғасын табады.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер