25.11.2024, 17:50
Оқылды: 8

Сырымдағы кітапқұмарлар сайысы: финалға 11 адам өтті

Қыркүйек айында Сырым ауданы бойынша кітап оқу сайысы жарияланды. Мақсат – халық арасындағы оқу мәдениетін көтеру. Себебі, жаһанданудың жаңалықтары бізді қағазға қараудан, қалам ұстаудан айырғаны рас.

IMG_2959

Екінші мақсат – тұрғындардың діни сауатын арттыру. Себебі, дін төңірегіндегі сауалдардың жауабын сөредегі кітаптан қарамай, «You tube» – ұстаз, «Google» – шейхқа жүгіну қалып жағдайға айналды.  Көру, тыңдау мен бірге оқу амалы да қатар жүру керек. 

Сайысқа тіркелгендерге «Адамзаттың асыл тәжі», «Кемел адам», «Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтары», «Хадис – ғұрпымыз, сүннет –  салтымыз!» секілді кітаптар және Абайдың қара сөздері ұсынылды. Бес еңбекті үш ай уақыт бойы кітаптарды парақтап, парықтаған 25 қатысушы кеше іріктеу кезеңіне келіп, оқып-тоқығандарын сыннан өткізді.

IMG_2960

Іс-шара Kitapall дүкені ұйымдастырған кітап жәрмеңкесімен басталды. Қатысушылар үшін арнайы кофе-брейк ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатында Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев сөз сөйледі. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы, исламтанушы Абдувахид Бабаханов сайыс ережелерін түсіндірді.

Айта кетейік, емтихан қорытындысымен 11 қатысушы келесі кезеңге өтті. Финал 8 желтоқсан күні өтеді. Бас жүлде – умра, яғни Меккеге кіші қажылыққа жолдама.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале