Бүгін Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі үшін елеулі күн. Жалпыхалықтық референдумда ел «Мемлекетке Атом электр станциясы керек пе?!» деген тарихи сауалға пікірін айтып жатыр.
Референдум, жексенбі болғанмен, ауыл тазалығы, ауыз су тасымалы секілді міндеттерді ешкім тоқтатқан жоқ.
Бүгін Сырым ауданындағы су шаруашылығы, ауыл тазалығы және жолдарды күтіп ұстаумен айналысатын «Сырым» МКҚК қызметкерлері таңмен ауыр техникаларын 290-шы референдум учаскесінің алдына әкеліп тіреді. Олар «Ең алдымен ел қамы, содан кейін қалғаны!» - дегендей, алдымен елдік істі атқарып, кейін күнделікті жұмыстарына кіріспек екен.
– Жұмысымыз демалысқа қарамайтын қауырт болса да, дауыс беруге ұжыммен келдік, - дейді «Сырым» МКК қызметкерлері.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы