12.06.2024, 23:45
Оқылды: 114

Сырымдағы құрылыс жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

Сырым аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Шынар Дүйсенғалиева, «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрағасы Талғат Дарғожиев, мәслихат депутаты Ербол Бекжанов, қоғамдық кеңес мүшелері Бұлдырты ауылында жаңадан салынып жатырған үйлердің құрылысы барысымен танысып, қоғамдық бақылау жүргізді.

IMG_8294

Сырым ауданындағы су тасқыны кезінде 254 үй суға кеткен болатын. Тұруға жарамсыз 114 баспана сүріліп, қазіргі таңда жаңадан тұрғын үйлер бой көтеруде.

Бұлдырты ауылында 25 үй салынуда. Тұрғын үй құрылысын мердігерлер – «JC GROUP» ЖШС-і, «АқсайСтройСервис», «Самғау Строй» ЖШС-тері қолға алды.

«JС Group» ЖШС 15 үй салып жатыр. Бір пәтерлі үйдің аумағы 80 шаршы метр. Кіреберіс, ас үй, қонақ бөлме, екі жатын бөлме, от жағатын, әжетхана мен ванна бөлмесінен тұрады. Есіктің алдына күннен көлеңкелейтін қалқаны мен баспалдағы болады. Үйдің ішкі қабырғасы керамзитоблок тасымен, сырты қызыл кірпішпен қаланып, ортасын изовер салынуда. Материалдар елімізден, Ресейден әкелінуде. Мердігер үйлерді қазан айында тапсырмақ.

IMG_8317

Қадағалау барысында белгілі болғандай, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс материалдары жеткілікті.

Бұлдырты ауылында салынып жатқан үйлердің үшеуі екі пәтерлік. Тұрғын үйлер бірден жекешелендіріледі. Сүрілген тұрғын үйлердің сатып алу құжатына «Сүрілді» деген мөр басылып, техникалық құжаты утилизацияға кетеді. Жаңа техникалық құжат алынады. Бес жұмыс күні ішінде БТИ-дан сүрілу актісі беріледі. Оны үйдің иесі аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөліміне тапсырады. Одан кейін үй салынған жаңа жердің құжаттары рәсімделеді. Сүрілу актісін алу құжатты неғұрлым ертерек тапсырғаны тұрғындар үшін тиімді болмақ.

Қоғамдық бақылаудан соң, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева Бұлдырты ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған 9 тұрғын су тасқынынан запдап шеккендерді мәселесін, жұмысқа орналасу, тегін газ өткізіп беруге көмек сұрады.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале