8.04.2025, 15:00
Оқылды: 380

Сырымдық ақсақалға «Құрметті ардагер» төсбелгісі тағылды

 

Садық Рақымжанұлы — Сырым ауданы Алғабас ауылының тумасы. Осы ауылда ержетті, мектепте орта білім алды, Кеңес армиясы қатарындағы азаматтық борышын абыройлы өтеп, елге оралды.

Төсбелгі тағылды

Ол арнайы жоғары білім алған соң, 1973 жылы ауданның Жетікөл кеңшарында мамандығы бойынша зоотехник-селекционер болып жемісті қызмет атқарды.

Садық Рақымжанұлы 2013 жылы зейнеткерлікке шықса да, еңбектен қол үзбей, жеке кәсіпкер ретінде Жымпиты ауылы орталығындағы моншаға меңгерушілік жасап, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жақында ол мерейлі 75 жасқа толды.

Жеке кәсіпкер Садық Рақымжанұлын осы мерейлі жасына орай құттықтаушылар ортасында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің атынан арнайы жазылған құттықтау хат пен сыйлық табыс етіліп, өңіріне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев Сырым ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісін салтанатты түрде қадады.

М.Әлібекұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале