22.05.2025, 13:00
Оқылды: 244

Сырымдық ана “Күміс алқамен” наградталды

Сырымдық көп балалы ана Бақтыгүл Мұқанғалиева ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Күміс алқаға” ие болды. 

IMG_2524 IMG_2519

Мемлекеттік награданы Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов тапсырды. Салтанатты шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Ерболат Ахметов, Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитов қатысты.

Бақтыгүл Айтқалиқызы 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіріп отырған ана. Жолдасы Айдар Бахталиев - еңбек адамы. Қазір Қызылағаш негізгі мектебінде сантехник болып жұмыс жасайды. Айдар мырза 2023 жылы жанұяларының келешегі үшін Қызылағаш ауылын таңдады. Қазіргі уақытта ұл - қыздары ауылдың мектебінде білім алып, шаңында ойнап, балдаурен бал кезеңдерін өткізуде. Айдар мен Бақтыгүл - перзенттерінің білімі мен тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Балалары да үмітті ақтап, оқу озаттары болып жүр, әртүрлі үйірмелерге қатысуға да үлгеруде. Жұмагелді Батырниязов жас жанұяға ұрпақ қызығын, “Күміс алқа” тағынған Бақтыгүлге аналық бақыт тіледі.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале