5.03.2026, 16:45
Оқылды: 9

Сырымдық аналар құрмет төрінде

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Сырым ауданында салтанатты қабылдаулар басталды.

IMG_9177

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев округтегі еңбек ардагерлерімен және көп балалы аналармен жүздесті.

Аналардың жүзінің шуағы жанды жылытқан кездесуге Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қатысты.

Қабылдауға келген нәзікжандылар қатарында Күлән Қожабекова, Бақыт Меңдіғалиева сияқты ел аналары, кезінде темір жонушы болған Гүлнар Жонысова секілді ердің жұмысын жасаған еңбек адамдары бар.

IMG_9173

Әкім мен аналар М.Есламғалиев атындағы орталық кітапхананың қыздары құйған шай басында еркін әңгіме өрбітті. Ақ жаулықты аналар өткен күндердің өнегесін еске алып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісті. Әсіресе отбасы берекесі, бала тәрбиесіндегі ананың орны, ауылдағы бірлік пен ынтымақ жайы сөз болды.

Кездесу барысында ел ішіндегі тыныштық пен татулықтың қадірі, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселесі де қозғалды. Аналар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, ұрпаққа адалдық пен еңбекқорлықты үйретудің маңызына тоқталды.

IMG_9179

Кездесу соңында “Демалыс орталығы” көркемөнерпаздары аналарға арналған әсерлі әндер орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Құрмет иелеріне Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев құттықтау хат табыс етті.

 

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале