5.05.2025, 15:30
Оқылды: 364

Сырымдық аналарға «Күміс алқа» табысталды

 

ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 3 сәуірдегі №829 Жарлығымен сырымдық көпбалалы аналар - Гүжайнар Есенжолова, Айдана Кубиева, Гауһар Сұлтан және Гүлжазира Шарапиева “Күміс алқаға” ие болды. 

IMG_2015

Бүгін мемлекеттік награданы Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов табыстады.

Конституциямызда мемлекеттің ең басты байлығы - адам деп көрсетілген. Біз оған, ең бай жанұя - көп балалы жанұя дегенді қосар едік.

- Баланы дүниеге әкелу секілді оны қоғамға үлескер етіп тәрбиелеу де маңызды. Сіздерге демографиялық ахуалдың артуына үлес қосқандарыңыз үшін ғана емес, қазақ болашағының салауатты, сапалы өкілдерін тәрбиелеп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын, - деді Қайрат Нұржанұлы.

IMG_2003

Салтанатты қабылдау сәтінде аналар отбасылық институт, еңбек тәрбиесі туралы әңгіме қозғады.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале