Әнуарбек Ғалымовтың есімі қалың жұртшылыққа жақсы таныс.
Ол — мемлекеттік қызмет саласында, одан бергі жылдары аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы сынды қоғамдық қызметте ұзақ жыл тер төккен азамат.
Ол — үлгілі отбасының бәйтерегі, зайыбы Рәуиламен немере-жиен қызығын көріп отырған бақытты шаңырақ иесі.
Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев Әнуарбек Ғалымовтың шаңырағына арнайы барып сәлем беріп, мерейлі жас иесін 75 жасқа толуымен құттықтады.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан жазылған құттықтау хат пен сыйлықты мерейлі жас иесіне табыс етіп, Әнуарбек Ғалымовқа әдемі ғұмыр, отбасы қуанышы мен дастарқан байлығын тіледі.
Әнуарбек Ғалымұлы арнайы келіп, мерейлі жасымен құттықтағандары үшін лауазым иелеріне алғыс сезімін білдірді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы